$ 444.88  513.26  5.28

Тоқаев Нарендра Модиді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды

Президент Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модидің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министріне жеделхат жолдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Президент Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модидің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің тегеурінді әрі парасатты басшылығымен Үндістан экономикалық өсім, орнықты даму және ғылыми-техникалық әлеует тұрғысынан жаһандық көшбасшылардың бірі ретінде позициясын нығайтып келе жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Нью-Делиде өткен БРИКС саммиті барысында көрсетілген сый-құрмет пен қонақжайлық үшін Үндістан Үкіметінің жетекшісіне ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ Нарендра Модимен екіжақты кездесу нәтижелі болғанына назар аударып, оны Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0