Степногор қаласының әкімі Гайдар Қасенов және Аршалы ауданының әкімі Достанбек Есжанов атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.
Ақмола облысында Аршалы ауданы мен Степногорск қаласының әкімдері қызметтерінен босады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың 2026 жылғы 21 қыркүйектегі өкімімен Степногорск қаласының әкімі Қасенов Гайдар Қабдоллаұлы және Аршалы ауданының әкімі Есжанов Достанбек Берікұлы атқарып отырған лауазымдарынан босатылды», - делінген әкімдік хабарламасында.