Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы 2026 жылғы 23-24 қыркүйек күндері Астана қаласында өтеді.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді.