24.09.2026, 17:00

«Дұғада болып, бірлікте болайық, елім»: Нұрлан имам Каспийдегі қайғылы оқиға туралы пікір білдірді

Фото: Видеодан алынған кадр

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандықтарды бірлікте болуға және тексерілмеген ақпараттарға сенбеуге шақырды.

Нұрлан имам Каспий теңізінде болған қайғылы оқиғаға байланысты пікір білдіріп, қаза тапқан сарбаздардың туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандықтарды бірлікте болуға және тексерілмеген ақпараттарға сенбеуге шақырды.

«Алла үлкен қайғыда сабыр берсін. Бейбіт күнде қарт Каспийде опат болған сарбаздарға дұғада болып, бірлікте болайық, елім. Алып-қашпа, арандатушы яки тексерілмеген ресми емес ақпараттарға алданбайық. Көңіл айтамын! Жаратушымыз марқұм сарбаз бауырларымызды жарылқасын. Әумин», – деп жазды Нұрлан имам.