25.09.2026, 09:20

Ресей Президенті Маңғыстаудағы қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты

Фото: Газета.ру

Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қазақстандық әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтқаны үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Мемлекет басшысы ел үшін осындай ауыр сәтте Қазақстан Ресей көшбасшысы мен халқының шынайы тілектестігін және қолдауын ерекше бағалайтынын атап өтті. 

Тегтер: Ақорда Путин