25.09.2026, 12:25

Тоқаев Алматыда «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумына қатысып жатыр

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорда жазды. 

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумына қатысып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жиын басталмас бұрын форум қонақтары Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етті.