28.09.2026, 12:00

Айтыстан алты айға шеттетілген Мақсат Ақанов тойға шығып жүр (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Жазбада ақынның тойдағы өнер көрсетуінен үзінді жарияланған.

Алты айға ресми айтыстардан шеттетілген ақын Мақсат Ақановтың тойда өнер көрсеткені белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан айтыскердің домбыра ұстап, көпшілік алдында өлең айтып отырғанын көруге болады. Жазбада ақынның тойдағы өнер көрсетуінен үзінді жарияланған.

Еске салайық, бұған дейін Мақсат Ақанов Маңғыстау облысының Шайыр ауылында өткен айтыстан кейін көпшіліктің сынына ұшыраған еді. Әлеуметтік желіде оның сахнадағы сөзі мен әрекеті қызу талқыланды.

Осыдан кейін Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы Аманжол Әлтай ақынға қатысты қабылданған шешімді жариялады.

Одақтың шешіміне сәйкес, Мақсат Ақанов алты ай бойы ұйым ұйымдастыратын ресми айтыстарға және өзге де шараларға қатыса алмайды.

Тегтер: айтыскер