Жиында жасанды интеллектіні дамыту Қазақстанның цифрлық жаңғыруындағы негізгі бағыттардың бірі екені атап өтілді.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев 01.AI компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі Ли Кай-Фумен кездесті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастықты дамыту және жасанды интеллект технологияларын мәдениет пен ақпарат саласында қолдану мүмкіндіктерін талқылады.
Жиында жасанды интеллектіні дамыту Қазақстанның цифрлық жаңғыруындағы негізгі бағыттардың бірі екені атап өтілді.