Қасым-Жомарт Тоқаев Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайерді және Федералдық Канцлер Фридрих Мерцті ұлттық мереке — Германия бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы бұл Германияның табанды әрі жасампаз күш-қуатын, өркендеу жолындағы нық қадамын танытатын айтулы күн екенін атап өтті.
Сондай-ақ Президент жуырда Германияға жасаған ресми сапарында жылы қарсы алып, қонақжайлық танытқаны үшін шынайы ризашылық білдіріп, мазмұнды өткен келіссөздерді жоғары бағалады.
— Мемлекет басшысы Берлинде қол жеткізілген уағдаластықтар қазақ-герман стратегиялық серіктестігін кеңейтуге және басым салаларда бірлескен жобаларды іске асыруға жол ашатынын айтты, — делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайер мен Фридрих Мерцтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Германия халқына бақ-береке тіледі.