27.10.2026, 18:40

Тоқаевтың жолдауы тікелей эфирде көрсетіледі

Фото: Ақорда

Жолдаудың тікелей трансляциясы сағат 11:00-де басталады.

Ертең, 28 қазан күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жария етеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкіметтің және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады», – делінген Ақорда хабарламасында.

Жолдаудың тікелей трансляциясы сағат 11:00-де басталады. Оны Ақорданың ресми парақшаларынан және республикалық телеарналардан көруге болады.

Тегтер: Ақорда