28.10.2026, 11:05

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы басталды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына жолдауы басталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Президенттің жолдауы республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Оған Құрылтай депутаттары, Үкіметтің және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысып жатыр.

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінге дейінгі жолдауларында қандай мәселелер көтерілгені хабарланған.