28.10.2026, 11:11

Тоқаев: «Қазақстан ауқымды құрылыс алаңына айналуға тиіс»

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, ұлттық бірлік пен қауіпсіздікті нығайту мәселелеріне тоқталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Президент:   «Еліміз ұдайы қарқынды дамуы үшін ауқымды міндеттерді сапалы әрі жедел іске асыру өте маңызды.   Азаматтарымыз толыққанды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтылуы керек. Бұл – халықтың тұрмыс сапасын көтерудің маңызды шарты.   Сондықтан басты назарды инфрақұрылым құру ісіне аударамыз.   Бұған дейін де айттым: Қазақстан ауқымды құрылыс алаңына айналуға тиіс. Мәселе жекелеген жобаларға қатысты болып отырған жоқ.   Жалпы, барлық аймақта жаппай құрылысты бастап, жандандыру қажет.   Бірінші кезекте, жан-жақты зерттеу және талдау жүргізіп, облыстардың денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандарына деген қажеттілігін егжей-тегжей анықтау жұмысын тез арада толығымен бітіру керек».