Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Иордан Хашимит корольдігінің королі II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 6 қарашада Астанада бірқатар мемлекет басшыларының қатысуымен Ақаба процесінің саммиті өтетінін жазған едік. Осыған байланысты Иордания королі мен Тәжікстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруын қабыл алып, Қазақстанға келетінін растаған болатын.
II Абдалла бен әл-Хусейн елде 5-6 қараша аралығында сапармен болады.
"Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасы талқыланады", - деп хабарлаған еді Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы.