$ 443.96 € 487.73 ₽ 5.38

Мемлекет басшысы Ресей Жоғарғы сотының төрағасын қабылдады

🔹Өз кезегінде Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Қазақстан сотымен белсенді ықпалдастық жолға қойылғанын жеткізді. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Красновты қабылдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

🔹Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу барысында ортақ тарихқа, тату көршілікке, сондай-ақ қос халық арасындағы өзара құрмет пен берік байланысқа негізделген Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының айрықша сипатына назар аударды.

🔹Президенттің айтуынша, мемлекетаралық қатынастардың жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне көтерілуі барлық бағыттағы, соның ішінде құқық саласындағы ықпалдастықтың да дәйекті түрде дамып келе жатқанын көрсетеді.

🔹Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бүкіл мемлекеттік-құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған ауқымды саяси реформаларға тоқталды.

🔹Өз кезегінде Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Қазақстан сотымен белсенді ықпалдастық жолға қойылғанын жеткізді.

🔹Атап айтқанда, тарихта тұңғыш рет екі елдің жоғары сот инстанциялары арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл құжат кәсіби диалогқа, сот төрелігін цифрландыруға және жасанды интеллектіні қолданысқа енгізуге негіз болады.

🔹Сонымен қатар Игорь Краснов ғылым және білім беру салаларында, әсіресе, біліктілікті арттыру және сот қызметкерлерінің цифрлық дағдыларын дамыту бағытында серіктестік аясын кеңейтуге мүдделі екенін растады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#АҚОРДА