Украина Президенті Петр Порошенко Минскіде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде украиндық-қазақстандық қатынастардың көптеген салада келешегі зор екеніне сенім білдірді. Бұл туралы Украина Президентінің сайтында хабарланды.
Украина Президенті бүгінгі Донбасстағы бейбітшілікті қалпына келтіруге бағытталған Украина-ЕО-«Еуразиялық үштік» форматында өткен кездесуге үлкен сенім артатынын атап өтті.
Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевқа Украинаны қолдағаны үшін алғыс сезімін білдірді.
— Сіздің нық қағидатты ұстанымыңызды білемін. Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау, бейбітшілік орнату мәселесінде шешімді әрекетіңіз бен қолдауыңыз үшін алғысым шексіз, — деді Украина Президенті.