29.08.2014, 03:32

Елбасы Түрікменстан Президентімен теміржол желісін ашу мәселесін талқылады

Сурет: inform.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Кездесу Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоғанның инаугурациясы рәсімі аясында өтті.

Ақоданың баспасөз қызметі мәлімдегендей, екі елдің басшылары сауда-экономика, көлік-транзит және отын-энергетика салаларындағы екіжақты ықпалдастықтың негізгі бағыттарын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

«Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың Түрікменстанға алдағы сапарының негізгі аспектілері, Қазақстан-Түрікменстан-Иран теміржол желісін ашу жайында әңгіме өрбіді», делінген хабарламада.