Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Македония Республикасының Президенті Георге Ивановпен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдегендей, кездесу Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоғанның инаугурациясы рәсімі аясында өтті.
«Екі мемлекеттің басшылары сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықтың басымдығы бар жайттарын және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Тараптар бірқатар перспективалық бағыттардағы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықты нығайту қажеттігін атап өтті», делінген хабарламада.