$ 494.87  520.65  4.91

Назарбаев депутаттық каникул мерзімін қысқартуды ұсынды

Бүгін бесінші шақырылған Парламенттің төртінші сессиясының ашылу барысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев депутаттық корпустан жазғы каникул мерзімін қысқартуды сұрады, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Сөз арасында Мемлекет басшысы Парламентте жұмыс ауқымы артып келетінін атап өтті.

— Өмірдің өзі бізді асықтыруда. Айналамыздағы, әлемдегі экономикалық жағдайлар, саяси ахуалдар шешімдерді тез қабылдауға мәжбүрлеп отыр. Президент те, Үкімет те, Парламент те, жергілікті атқарушы органдар да ширақ болуы керек. Мұның бәрі табысты дамуды қамтамасыз етеді. Тұтқиылдан келетін экономикалық тәуекелдерге даяр болуымыз керек. ХХІ ғасырдағы қатерлер мемлекеттік биліктің барлық институтынан белсенділікті күнделікті талап етеді. Өзімнен бастап, атқарушы биліктің барлық тармағы күні-түні жұмыс істеп келеміз. Сондықтан да, Парламенттік корпусқа жыл барысындағы жазғы депутаттық каникул мерзімін қысқарту туралы өтініш жасаймын, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұл ретте Елбасы Парламенттегі «Нұр Отан» фракциясына осы мәселенің дұрыс шешімін жасауды тапсырып, депутаттық корпустың түсіністікпен қарайтынына сенім білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары