Саясат 02.09.2014 сағат 08:43

Елбасы кәсіпкерлер үшін кедендік рәсімдерді жеңілдетуді тапсырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың соңына дейін отандық экспорттаушыларды қолдау үшін жүк тасымалы құнын азайту шараларын қарастырып, кедендік рәсімдеу мен бақылау мерзімін қысқарту керектігін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

— Үстіміздегі жылдың соңына дейін отандық экспорттаушыларды қолдау үшін жүк тасымалы құнын азайту шараларын қарастырып, кедендік рәсімдеу мен бақылау мерзімін қысқарту керек, — деді бүгін Н.Назарбаев Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында.

Президенттің атап өтуінше, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап кедендік бақылаудың кедендік жүйе кезеңінен тауарды шығарғаннан кейінгі кезеңге ауыстыру қажет.

Бұдан өзге, Мемлекет басшысы Үкіметке халықаралық сертификатқа сай келуі бойынша Кедендік одақ келісіміндегі бірыңғай қағидалар мен техникалық реттеу ережелері туралы келісімге өзгерістер енгізуді тапсырды.

—Бұл кәсіпкерлердің шығындарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді, — деп атап өтті ол.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар