Қазан айында өтетін парламент сенаты сайлауына 88 кандидат ұсынылған. Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте Қазақстан орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Венера Жексембекова мәлім етті.
Оның айтуынша, сенат сайлауына кандидаттарды ұсыну тамыздың 2-сі басталып, 31-і күні аяқталған.
— Биыл Алматыдан ең көп кандидат - тоғыз адам ұсынылды. Ақтөбе және Алматы облыстарынан 7 кандидаттан ұсынылды. Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласынан алты үміткер ұсынылды. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан - бес адамнан, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарынан - төрт кандидаттан ұсынылды, — деді Жексембекова.