$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстан мен Испания экономика мен өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Астана қаласында экономика мен өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөнінде қазақстан-испан үкіметаралық аралас комиссиясының 6-шы отырысы өтуде, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспсөз-қызметі мәлімдегендей, Қазақстан тарапынан Үкіметаралық комиссияны ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев, испан тарапынан — Испания Корольдігінің сауда бойынша Мемлекеттік хатшысы Хайме Гарсия-Легаз Понсе басқарады.

— Қазақстанның сыртқы саясатындағы оңтүстік-еуропалық бағытында Испания маңызды орын алады және болашақта Еуропадағы экономикалық серіктес болып табылады, — деді ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев отырысты ашу барысында.

«6-шы отырыстың күн тәртібінде екі ел арасындағы сауда-инвестициялық, өнеркәсіп, көлік-логистикалық және энергетикалық өзара тиімді ынтымақтастық туралы мәселелер қарастырылған. Екі тарап бірқатар құжаттарға қол қоюды жоспарлап отыр», делінген хабарламада.

2014 жылдың І жартысында Қазақстан мен Испания арасындағы саудаайналым көлемі $1 млрд. 183 млн. құрады, бұл деген 2013 жылға сәйкес ($1 млрд. 31 млн.)14,7% артық.

Қазіргі таңда Қазақстанда ойдағыдай «Тальго», «Репсол», «Maксам», «Индра», «Эйрбас Милитари», «Телтроник», «Имабе Иберика», «MYPE», «Индитекс» және т.б. компаниялар жұмыс істеуде. Олардың көптегені Қазақстанда өз қатысуын кеңетуді жоспарлауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары