$ 494.87  520.65  4.91

Әлихан Байменов жаңа қызметке тағайындалды

Әлихан Байменов мемлекеттік қызмет саласындағы Басқарушы Өңірлік хабтың басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдегендей, ҚР Үкіметінің қаулысымен Әлихан Мұхамедияұлы Байменов Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

«Бұл тағайындау ҚР Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы Келісімге сәйкес келеді және БҰҰ-ның Қазақстандағы Үйлестіруші-Резидентімен келісілген», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Әлихан Байменов Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы лауазымын атқарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары