$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан мен Иран статистика ведомстволары өзара түсіністік меморандумына қол қойды

Астанада Қазақстан-Иран бизнес-форумында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов пен Иран Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Ибрагим Рахимпур статистикалық ынтымақтастық саласында өзара түсіністік бойынша меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, меморандум екі елдің статистикалық ведомстволарының өзара ынтымақтастығының дамуына бағытталған.

«Меморандум аясында тараптар статистика сапасын басқару, деректерді талдау мен құпиялылығы, санақ пен сайлауда тексеріс кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, экономикалық көрсеткіштер, іріктеу әдістемесі, статистикалық стандарттар мен әкімшілік деректер (регистрлар) саласында ақпарат алмасу бойынша келісімге қол жеткізді», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары