$ 494.87  520.65  4.91

Қырғызстанда 15 қазанда президенттік сайлау өтеді

Қырғызстан парламенті президент сайлауын 15 қазанда белгілеу жөніндегі жобаны үшінші оқылымда мақұлдады. Сонымен бірге үкіметтік емес ұйымдардың бақылау құқығы да өзгертілді деп жазады centralasian.org.

Үкіметтік емес ұйымдар аталған өзгертулер елдегі тәуелсіз бақылаушылардың құқықтарын шектейді деп мәлімдеді. Заң жобасы бақылаушыларды сайлау комиссиясының отырыстарына қатыстыруға тыйым салады, сонымен бірге комиссия шешіміне шағымдана алмайды. Тек ғана партиялық бақылаушылар немесе кандидаттың өкілдері ғана комиссия шешіміне қарсы арыздана алады.

Сейсенбі күні ондаған үкіметтік емес ұйымның өкілдері парламент ғимаратына жиналып, депутаттардан заң жобасын қабылдамауды талап еткен. Олар бақылаушылардың сайлау процесінің барлық кезеңіне қатысып, сайлау комиссиясының шешіміне қарсы сотқа арыздануға толық құқықтары бар дейді.

Президенттікке кандидаттың сайлау кепілі 100 мың сомнан 1 миллион сомға дейін өзгертілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары