$ 498.34  519.72  4.85

Түркия Қырғызстандағы түрік лицейлерінің орнына басқасын ашуды ұсынды

Түркия Қырғызстанға "Маариф" білім қорымен әріптестік орнатуды ұсынды. Түрік премьер-министрі Биналь Йылдырыма қырғыз парламенті спикері Чыныбай Тұрсынбековпен кездескенде осындай ұсыныс жасады деп жазады centralasian.org.

Парламенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Биналь Йылдырым қырғыз президенттік сайлауы сәтті өтсін деп тіледі. Оның айтуынша, өткен жылғы 15 шілдедегі Түркиядағы оқиғадан соң Тұрсынбеков қырғыз жоғары басшылығынан алғаш мәрте Анкараға сапармен барды. "Бұл сапар біздің әріптестігімізге тың серпін береді деп үміттенемін", - деді премьер.

Түрік үкімет басшысы білім беру саласындағы қарым-қатынас мәселесін қозғады. "Бұрынғы халықаралық "Себат" білім беру мекемесі төңірегіндегі жағдай екі елдің қатынасына әсер етті", - деді ол. Соған байланысты Йылдырым Қырғызстанға жаңа форматта әріптестік бастауды - "Маариф" мемлекеттік қорының мүмкіндігін пайдалануды ұсынды.

Қырғызстанда 1992 жылдан бері жұмыс істейтін қырғыз-түрік "Себат" лицейі биыл наурызда "Сапат" деп өзгертілді. 2016 жылғы Түркиядағы әскери бүліктен соң, білім мекемелерінің оппозиционер Гүленге қатысы бар деген желеумен, түрік билігі бұл лицейлерді жабу мәселесін көтерді. Түркия билігі Гүленді бүлік ұйымдастырды деп айыптады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары