$ 494.87  520.65  4.91

Қосанов Қаринге: «Мұны Қорғаныс немесе Сыртқы істер министрлігі айту керек, соны қолға ал!»

Ресей Думасының депутаты, Думаның Қорғаныс жөніндегі комитетінің төрағасы Владимир Шамановтың бүгінгі мәлімдемесі қазақ қоғамын аяққа тік тұрғызды десе болады. Депутат Сирияда болып жатқан соғысқа Қазақстан мен Қырғызстан әскерилерін апаруды көздеп отырғанын ашып айтты. Ол үшін қазір қос елдің билігімен келіссөздер жүргізіп жатқанын да мәлімдеді.

Ресей депутатының бұл мәлімдемесін қоғам белсенділері, сарапшылар, қарапайым қазақстандықтар талқылауда. Ал, танымал саясаттанушы, "Қазақстан" РТРК АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин Шамановтың айтқанын бос сөзге балап отыр. Өзінің Facebook-парақшасында ол халықты сабырға шақырып, тек Қазақстанның ресми мәліметтеріне ғана сенуге үгіттеген. Өз сөзіне дәлел ретінде Ерлан Қарин ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаевтың "Саясат" порталына шыққан сұхбатын мысалға келтірген. Онда Мәжіліс депутаты Ресейден ешқандай ресми мәліметтің келмегенін айтып, сабырға шақырады.

Ал, саясаттанушы Әміржан Қосанов болса мәлімдемені Қазақстан тарапынан мәжілісмен емес, Қорғаныс немесе Сыртқы істер министрлігі жасауы тиіс екенін айтып отыр.

«Біздегі Мәжілістің әскери мәселелердегі орны белгілі. Үкімет, не Қорғаныс, не Сыртқы істер министрлігі айтуы керек! Соны қолға ал! Немесе Мәжіліс Думаға ресми хат жазсын, "дезавуировать етіңдер" деп. Әйтпесе, халық тынышталмайды!» деп жазды Қосанов әлеуметтік желідегі жазбасында.

Еске салайық, Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев қазақстандық сарбаздар Сирияға барған күннің өзінде соғысуға емес, тек бейбіт келісім аясында әрекет жасайтынын бұған дейін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары