$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан Сирияға әскер жіберу туралы келіссөз жүргізіп жатқан жоқ - ҚР СІМ

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ресей Думасының депутаты Владимир Шамановтың кешегі мәлімдемесін жоққа шығарды. Шаманов Қазақстан мен Қырғызстан әскерилерін Сириядағы соғысқа апару бойынша үш тарап келіссөздер жүргізіп жатқанын ресейлік тілшілерге берген сұхбатында айтқан болатын.

Ресей депутатынан бұрын мұндай ақпаратты Түркия президентінің өкілі Ибрагим Калын да таратқан еді.

"Қазақстанның Астанадағы диалог алаңын беруінің өзі Сирия дағдарысын шешуге қосқан үлкен үлесі леп ілеміз. Қазақстан Сирияға әскерін жіберу бойынша ешкіммен келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Сириядағы 4 деэскалация аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі Астана процесіне қатысушы елдердің құзырында. Олар осы және өзге де мәселелерді 4-5 шілде күні Астанада тағы да талқылайды. Қандай жағдай болғанда да, біз өз әскерилерімізді бітімгерлік миссиясын орындау мақсатында әлемнің өзге елдеріне жіберу үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі резолюциясына қараймыз", - деді Сыртқы істер министрі Tengrinews.kz.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары