$ 498.34  519.72  4.85

Қырғызстан президенттігіне таласты 41 адам жалғастырады

16 тамызда Қырғызстан президенттігінен үміткер 46 адам қырғыз тілінен емтихан тапсырып, оның 41-і сәтті өтті деген сертификат алды деп жазады Азаттық тілшісі мемлекеттік тіл жөніндегі Қырғызстанның ұлттық комиссиясына сілтеме жасап.

Осы аптада Орталық сайлау комиссиясы «Республика – Ата-Жұрт» партиясының лидері, елдің бұрынғы премьер-министрі Омурбек Бабановқа кандидат ретінде ресми тіркелді деген куәлік табыстады. Осының алдында бірінші болып «Ақ Шумкар» партиясының лидері Темир Сариев ресми кандидат атанған. Ол да елдің үкімет басшысы болған.

Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанда өтеді. Президент болуға 59 адам өтініш түсірген.

«Ата Мекен» партиясының лидері, оппозициялық саясаткер Омурбек Текебаев тіл емтиханын тапсырмады. Сәрсенбі күні сот оған коррупция ісі бойынша сегіз жылға бас бостандығынан айыру жөнінде шешім шығарды. Саясаткер өзіне тағылған айыптардың саяси астары бар деп біледі. Оның жақтастары Текебаевты сайлауға қатыстырмас үшін, түрмеге отырғызды дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары