$ 498.34  519.72  4.85

Каталонияның тәуелсіздігі үшін халқының 90%-ы жақтап дауыс берді

Каталонияның Испаниядан тәуеліздік алуы үшін референдумға қатысқан жергілікті халықтың 90%-ы жақтап дауыс берді. Бұл туралы Reuters агенттігі Каталония билігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Референдумға дауыс беруге құқығы бар 5,34 миллион каталондықтың 2,26 миллионы қатысқан. Яғни, 42,3 пайызы.

Еске салайық, Каталонияның Испаниядан тәуелсіздік алуы туралы референдум 1 қазан күні өтті. Испанияның орталық билігі бұл референдумға ашық болмаса да қарсылық білдіріп, полицейлер дауыс беруге келген халыққа қарсы қару қолданды. Қақтығыстардан жараланғандар саны бүгінде 844 адамды құрап отыр.

Каталония үкіметінің басшысы Карлес Пучдемон өз халқының тәуелсіздікке қол жеткізгенін ресми мәліметтер шықпай тұрып-ақ хабарлап қойды. Ол референдум нәтижелері алдағы бірер күнде Каталония парламентіне берілетінін, одан әрі тәуеліздік жариялау туралы шешімнің қаралатынын да мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары