Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трампқа Лас-Вегастағы қайғылы жағдайға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Айта кетейік, кеше ЛасВегас қаласында ашық аспан астында концерт көруге келген адамдарға қарай 64 жастағы зейнеткер қонақ үйдің 32-ші қабатынан оқ жаудырған болатын. Салдарынан 60-қа жуық адам қаза тауып, 500-дейі жараланды. Кейінірек белгілі болғаны, күдікті Стивен Пэддок осы жайттан кейін өзін де атып өлтірген. Жергілікті билік оның дәулетті болғанын, жиі казино онағанын айтып отыр.