Батыс елдеріне Украинадағы жан-жалды тоқтату үшін нақты шешім қабылдайтын күн туды:
Біріншіден, Кремльдің орнатқан ойнын қабылдау керек;
Екіншіден, Батыс елдері ынтымақтасып, Путиннің саяси әрекеттеріне қарсы келуі тиіс;
Германияның сыртқы істер минитрі Франка-Вальтер Штайнмайердің хабарлауына қарағанда, Еуропа елдері Ресейдің ырқына көніп Украинадағы жанжал өзінен-өзі тоқтауы тиіс деп сенуде. Соңғы күндері Украина әскерлеріне қарсы содырлар тоқтатпай шайқас жүргізіп жатыр, мұндай жағдайда Минск-2 келісімінің орындалуы мүмкін емес. Содырлардың соғысып жатқан әрекеттеріне Батыс елдері ешқандай шара қолданып жатқаны байқалмайды. Ресей Украинаға қатысты агрессиясын тоқтату жайлы ойланып та жатқан жоқ, Донбастағы қақтығысты содырлардың қолдарымен ушықтыруда. Сондықтан. Меніңше, Батыс елдері Путиннің ойнын қабылдаған сияқты.
Владимир Путин Қырымды алып қана қоймай, Украинаның тең жартысына содырлардың қолымен өзінің бақылауын орнатты. Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдары қақтығысқа қатысты жалған ақпараттарды беру арқылы Путинді әділет орнатушы батыр есебінде көрсетуде, бұл ақпараттардың легі ТМД елдеріндегі ақпарат кеңістігіне азық болып отыр. Жасыратын несі бар, Қазақстан бұқаралық ақпаратының 70%-ын Ресей экспансиясы құрайды.
Газет беттерін ашсаңыз, теледидарды қоссаңыз да, Рессейдің ел басшысы туралы міндетті түрде бір хабарды естисіз. Қазір әлемде Владимир Путиннің беделі, күші асқақтап тұрған заман болды, Кеңес империясының басшысы Иосиф Сталиннің өзі оның көлеңкесінде қалып қоятын жағдайға келді. Керек кезде Путин: «ұшқыр ақыл ойдың иесі», «дзюдоның спорт шебері», «неміс тілінде жақсы сөйлей алады», «көшенің тастанды тілімен сөйлесе алады (замочить в сортире)», «еңбекқор (Я пахал как раб на галерах с утра до ночи)» т.б. кейіптерге ене алады. Ресейдің «Левада центрінің» қортындыларына жүгінсек, Путинді Ресей халқының 85% қолдайды екен. Қырымды қосып алғаннан кейін Владимир Путин халқының алдында Ресейдің ұмытылып қалған күш-қуатын жаңғыртушы ғұлама қолбасшы атанып отыр. Оның қасақана Батыс елдерімен теке-тіреске баруына өз халқының қолдауын тауып, санкцияның әсерінен экономикасы бірте-бірте құлдырап, халықтың әлеуметтік жағдайы нашарласа да, Путиннің беделі артпаса, түсіп отырған жоқ. Бұл дегеніміз, қарапайым Ресей халқының санасында империялық ойлау жүйесінің әбден орнығып алғанын білдіреді. Елінің экономикалық жағдайының күрт төмендеп кеткенін Батыс елдерінің мойнына жүктеп, өз халқын әлемге қарсы қойып, соғысқа дайындалуда. Путиннен ресейліктер орындалмай қалған әлеуметтік реформаларды сұрамайды, себебі ол батыс басқыншыларына қарсы тұрып жатыр. Ресейді басқарып отырған Путин империялық амбициясынан қайтпаса, оның басқаруы тек тығырыққа, соғысқа ғана әкеледі. Батыс елдерінің көздегені – Ресейге санкцияны күшейтіп, болашақта SWIFT халықаралық төлем жүйесінен шығарып тастау, түпкі мақсаты Ресей халқы Путин билігін құлатып, құлдыраған экономиканы қалпына келтіру үшін есі дұрыс келісімге келетін президентті тағайындауға ықпал жасау. Бұл мақсаттың орындалуы екіталай, себебі Ресей халқы Украина үкіметімен соғысып жатқан содырларды батырлар, ал Украинаның біртұтас мелекет болуын қолдайтын халықты «фашист», «нацист» деп есептеп, оларды қолдап отырған Батыс елдерін жау деп біледі. Бұған мысал ретінде Украина территориясында ерікті түрде соғысып жатқан Ресей азаматтарын айтуға болады. Путиннің ойын,тактикасын алдын ала білу қиын. Ол өзінің жаңылған ойын жүзеге асырса, миллиондаған адамдар қырғынға ұшырап, көптеген мемлекеттердің кауіпсіздігі бұзылады. Владимир Путин қаншалықты шектен шығып кетуі мүмкін, ең басты мәселе осында болып отыр. Беделді неміс баспасы Frankfurter Allgemeine Zeitung дөп басып айтқандай, Путин – соғыстың президенті. Шынында билікке келген сәттен бастап 1999 жылы Кавказ елдеріне әскер жіберіп, Луганск, Донбасс секілді жеке дербес ел боламыз деген 100 мыңнан астам мұсылман халқының өмірін қиды, 2008 жылы көршілес Грузия еліне әскер жіберіп, Абхазия, Солтүстік Осетияны тартып алып, марионет мемлекет жасады, үшінші соғыс Украинада болып жатыр, оның қалай шешілетініне біз болашақта куә боламыз.
Бір жалғыз басты қу адам, жер бетіндегі халықтың кауіпсіздігіне қауіп төндіреді дегенге бұрын иланбайтын едік, бұл өткен заманның Шыңғысханның, Гитлердің оралмайтын заманы деп ойлаушы едік, қазіргі болып жатқан оқиғалар адамды басқаша ойлауға мәжбүрлейді...
Думан КӨПБАЕВ