$ 498.34  519.72  4.85

Бақытжан Сағынтаев қырғыз премьерімен келіссөздер жүргізуде

Кеше кешке Астанаға Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исақов бастаған үлкен делегацияның келгенін мәлімдеген болатынбыз. Делегацияны қабылдағаннан кейін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Сапар Исақовпен жеке кездесіп, қазақ-қырғыз шекарасында туындаған бірқатар мәселе бойынша келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Үкімет басшысының ресми сайты хабарлап отыр.

Қырғызстан делегациясының құрамында бірінші вице-Премьер-Министр Т. Абдығұлов, сыртқы істер министрі Э. Абдылдаев, қаржы министрі А. Қасымәлиев, экономика министрі А. Новиков, мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы А. Сулайманов, мемлекеттік салық қызметінің төрағасы О. Абдыкаимов, экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі мемлекеттік қызмет төрағасы З. Осмонов, мемлекеттік көші-қон қызметінің төрағасы М. Айдаралиев, мемлекеттік шекара қызметі төрағасының орынбасары К. Исаков және т. б. бар.

Айта кетейік, соңғы бір апта көлемінде қазақ-қырғыз шекарасында кедендік бақылау күшейтілді. Қазақстандық тарап Қырғызстаннан келетін жүк көліктерінің заң талаптарын жиі бұзатынын айтып, тексеруді қатаңдатқан болатын. Салдарынан азық-түлік пен өзге де тұрмысқа қажетті заттар тиелген қырғыз көліктері бірнеше күннен бері шекарада тұруға мәжбүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары