Саясат 18.10.2017 сағат 15:25  1034

Астанаға қырғыз премьер-министрі бастаған делегация келді

Бүгін кешке Астанаға Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исақов бастаған үлкен өкілдік делегация келіп жетті. Көрші елдің билік өкілдері қазақ-қырғыз шекарасында пайда болған шиеленісті оң шешу мақсатында Қазақстан үкіметімен келіссөздер жүргізбек.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қырғыз делегациясының құрамында бірінші вице-премьер Т.Абдығұлов, сыртқы істер министрі Э.Абдылдаев, қаржы министрі А.Қасымәлиев, экономика министрі А.Новиков, мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы А.Сулайманов, мемлекеттік салық қызметінің төрағасы О.Абдыкаимов, экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі мемлекеттік қызмет төрағасы З.Осмонов, мемлекеттік көші-қон қызметінің төрағасы М.Айдаралиев, мемлекеттік шекара қызметі төрағасының орынбасары К.Исаков және т. б. бар.

Айта кетейік, соңғы бір апта көлемінде қазақ-қырғыз шекарасында кедендік бақылау күшейтілді. Қазақстандық тарап Қырғызстаннан келетін жүк көліктерінің заң талаптарын жиі бұзатынын айтып, тексеруді қатаңдатқан болатын. Салдарынан азық-түлік пен өзге де тұрмысқа қажетті заттар тиелген қырғыз көліктері бірнеше күннен бері шекарада тұруға мәжбүр.

Еске салайық, Қырғызстанда өткен президенттік сайлаудың алдында көрші ел басшысы Алмазбек Атамбаев Қазақстан билігін "сайлауға араласып жатыр" деп жөн-жосықсыз айыптаған болатын. Бүгін ол жастармен кездесуі барысында өзінің тым артық кеткенін мойындап, екі елдің бауырлас екенін есіне алды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар