$ 498.34  519.72  4.85

Б.Сағынтаев қырғыз премьерінің шекараға қатысты мәлімдемесіне жауап берді

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің Үкімет басшылары кеңесінде Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исақов күн тәртібінен тыс мәселе көтеріп, қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға алаңдап отырғанын айтқан болатын.

Осыған байланысты Қазақстанның үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев мәлімдеме жасап, Қазақстан тарабының қандай ұстанымда екенін айтты.

«Қазақстан үкіметі қырғыз тарабының мәлімдемесін негізсіз деп есептейді. Бұл мәселеге қатысты біздің республиканың ұстанымы қандай екені баршаға мәлім. Атап айтқанда, ол Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне ортақ экономикалқ кеңістікті қалыптастыру идеологиясына сәйкес келеді және Одаққа мүше елдердің экономикалық тәуекелділігін барынша төмендетуді мақсат етеді. Біз Қырғызстан үкіметін өз міндеттерін бекітіп алуға, Еуразиялық экономикалық одақ аясында Қырғыз Республикасының міндеттерін орындауға шақырамыз. Біз бұл тақырыпта ашық мәлімдеме жасап отырмыз және айтқандарымыз қырғыз әріптестеріміздің құлағына жетсе екен дейміз», - деді Б.Сағынтаев.

Ол сондай-ақ, қырғыз тарабын 5 принциптік бағыт бойынша ұстанымын анықтап алуға шақырып отыр.

«Бірінші. ЕАЭО-ның салықтық әкімшілік құқығына сәйкес Қырғызстан ұлттық заңнамасына нормалар енгізу.

Екінші. Заңсыз экспортқа қарсы тұру, соның ішінде контрафакт өнімдерге.

Үшінші. ЕАЭО талаптарына сәйкес, тауарларға тұрақты түрде ветеринарлы-санитарлық және фитосанитарлық бақылауды жүргізу.

Төртінші. Қырғызстан тарабы Экономикалық кеңеске мүше елдердің көлік заңнамасын бұзған жағдайда ескерту жасау және алдын алу шараларын қолға алу.

Бесінші. Қазақ-қырғыз шеарасы арқылы есірткі, қару-жарақ, оқ-дәрілер және өзге де тыйым салынған заттарың заңсыз тасымалдауына жол бермеу.

Осылайша біз тек өз елімізді қорғамаймыз, біз ЕАЭО-ға мүше елдердің экономикалық қауіпсіздігін қорғаймыз. Қазақ-қырғыз шекарасында қазір мониторинг және бақылау жұмыстары ЕАЭО талаптарына сәйкес толыққанды жұмыс істеп тұр. Біз екі жақтың экономикалық серіктестігі мәселелері бойынша ашық келіссөздер жүргізуге, сондай-ақ, шекара, транспорт, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау, кедендік және салықтық әкімшілік салалары бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз», - деді Қазақстан Премьер-министрі бүгін Ташкентте өткен жиында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары