Саясат 07.11.2017 сағат 03:28  857

Қырғыз президентінің инаугурациясына шетелден ешкім келмейтін болды

Қырғызстанда президент сайлауында жеңіске жеткен Сооронбай Жээнбековтің инаугурациясына шетелдің мемлекет басшылары шақырылмайды. Бұл жөнінде президент әкімшілігі жетекшісі Алмаз Усенов мәлімдеді.

Оның сөзінше, жаңа билік бұл шешімге «әлемдік тәжірибені есепке ала отырып» келген. Бірақ, ол салтанатты шараға Қырғызстандағы барлық елдердің елшілері шақырылатынын атап өтті.

Сооронбай Жээнбековтің инаугурациясы 24 қарашада өтеді. Ол 15 қазанда өткен президент сайлауында сайлаушылардың 54 пайыз дауысын жинап, жеңіске жеткен болатын.

Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаевтың елді басқару мерзімі 1 желтоқсанда аяқталады. 15 қарашада Атамбаев президент ретінде соңғы баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар