Жогорку Кенештің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеті Жүсіпбек Шариповтың Қырғызстанның Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшілігіне үміткерлігін мақұлдады. Ол Қырғызстанның жаңадан сайланған президенті Сооронбай Жээнбековтың туған бауыры деп жазады Азаттық тілшілері.
Комитет төрағасының орынбасары, депутат Каныбек Иманалиев мұндай сұраудың 14 қарашадағы отырыста талқыланғанын мақұлдады. Заң бойынша, елшілікке үміткерді қырғыз президенті ұсынады. Парламент келісімін берген жағдайда, мемлекет басшысы тиісті жарлық шығарады.
Жүсіпбек Шарипов қазір Қырғызстанның араб елдеріндегі елшісі болып істейді. 2016 жылдан бастап Украинадағы қырғыз елшілігінде уақытша өкіл қызметін Батыркан Сыргабаев атқарып келеді.