$ 498.34  519.72  4.85

Қырғызстан Қазақстанның 100 миллион долларынан ресми түрде бас тартты

Қырғызстан 100 миллион долларлық келісім-шарттың күшін жою туралы Қазақстанға ресми түрде хабарлады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі басшысы Әнуар Жайнақов мәлімдеді деп жазады KAZTAG.KZ порталы.

«Біз өткен аптада келісімнің күшін жою туралы Қырғыз тарапынан ресми хабарлама алғанбыз», - деді А.Жайнақов сейсенбіде үкіметтің отырысында.

Оның айтуынша, болашақта бұл мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешілетін болады.

Келісімге 2016 жылы Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері қол қойды. Ол Қырғызстанға Қазақстан тарапынан Қырғызстанды Еуразиялық экономикалық одаққа ықпалдастыру үшін 100 миллион доллар көлемінде көмек көрсетуді қарастырады.

Бірақ, 2017 жылдың 23 қазанында Қырғызстан қазақстандық тарапты Қырғызстанға ЕАЭО-ға қосылу жол картасының шеңберінде 100 миллион АҚШ доллары көлеміндегі көмек көрсету туралы келісімнің күшін жоятындығы туралы хабарлады.

Кыргызстан тарапының пікірінше, осы келісімді бұзудың себебі келісілген мерзімге қазақстандық тарап шарттың талаптарын орындауға кірісе алмауы болыпты.

Осыған байланысты Қырғызстан біржақты тәртіпте күшін жою рәсімін бастады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстан Министрлер Кабинеті 20 қазанда парламентіне қыркүйек айында болған елдер арасындағы дипломатиялық жанжалдан кейін келісімнің күшін жою туралы заң жобасы жіберілді.

9 қарашада Қырғызстанның Жоғарғы Кенеші отырысында осы келісімнің күшін жою туралы заң жобасы үшінші оқылымында қабылданды.

16 қараша күні Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев «ЕАЭО-ға бейімделу аясында 100 миллион АҚШ долларына техникалық көмек көрсету туралы Қырғызстан үкіметтері мен Қазақстан үкіметі арасындағы келісімнің күшін жою туралы» заңға қол қойды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары