«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев бүгін-ертең қызметінен кетеді деп жазады ҚазТАГ өз дереккөзіне сілтеме жасап.
«Өмірзақ Естайұлы "Самұрық-Қазынадан" кетіп жатыр. Оның жаңа қызметі туралы әлі ақпарат жоқ. Болжам бойынша ол үкіметке қайта оралады», - делінген Шөкеев туралы хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Ө.Шүкеев Мемлекет басшысының кеңесшісі, Экономика министрі, Қостанай және Оңтүтік Қазақстан облыстарының әкімі, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
Ол 2011 жылдан бері «Самұрық-Қазына» АҚ-ын басқарып келеді.