$ 498.34  519.72  4.85

Түркияда Фетхулла Гүленге қатысы бар деген айыппен тағы 2 мыңнан астам адам жұмыстан босады

Түркияда мемлекеттік қызметтегі 2746 адам "террористік әрекетке барды" деген сезікпен жұмыстан босатылды. Анкара өткен жылғы сәтсіз әскери төңкерістен бері әлі тазарту жүргізіп жатыр Азаттық тілшілері.

24 желтоқсанда жарияланған "Ресми хабарламада" жарияланған үкімет қаулысы бойынша 637 әскери қызметкер, 360 жандармерия қызметкері, 150 ғалым және университет оқытушылары қызметтен босаған.

Түрік билігі 2016 жылғы мемлекеттік төңкеріс жасауға тырысты деп АҚШ-та жүрген Фетхуллах Гүленді айыптайды. 2016 жылдың жазынан бері Түркияда 110 мыңнан астам адам қызметтен босатылған немесе аластатылған. Гүленмен байланыста болған деген күдікпен 50 мыңнан астам қамауға алынған.

240 адам қаза тапқан мемлекеттік төңкеріс талпынысына Гүлен өзінің қатысы болмағандығын айтады. Ердоған билігі Гүлен қозғалысы қалдығына төтеп беру үшін репрессия қажет деп санайды. Құқыққорғаушылар болса, төңкеріс талпынысын Ердоған басқаша ойлайтындарды тұншықтыруға ілік етіп пайдаланып отыр деп санайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары