Саясат 07.01.2018 сағат 06:42

Украиндар КСРО-ны отарлаушы ел деп тануды талап етті

Украинаның Ұлттық құндылықтар институтын басқаратын Владимир Вятрович 5-канал тілшісіне берген сұхбатында биліктен КСРО-ны ресми түрде «отарлаушы» ел деп атауды талап етіп, биліктен Украинаның КСРО құрамында болған уақытын жауланған кезең деп белгілеу керектігін айтты.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Мен кеңестік оккупация жайында айтып отырмын. Олар алдымен большевиктік, кейін коммунистік отарлау режимін орнатты», — деді ол. Ғалымның пікірінше, 2017 жылы «большевиктік агрессияның» басталғанына тура 100 жыл толған.

Ол сондай-ақ, қазіргі Украинаны 1917-1921 жылдары өмір сүрген Украина ұлттық республикасының (УҰР) заңды мұрагері ретінде мойындауды да талап етуде.

«Бұл үлкен ақпараттық науқанға айналуы тиіс және оның ауқымын күн сайын кеңейтіп отыру керек. Украинаны УҰР мұрагері деп мойындап, тарихты шынайы зерттейтін болсақ КСРО-ның негізмі мақсатын айқындай аламыз», — деп түйді ол.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар