Қуандық Бишімбаев сот алдында жауап бере бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұрынғы ұлттық экономика министрі қылмыстық іске қатысты барлық мән-жайды түсіндіріп беретінін айтып өтті.
"Мен қоғамға және ең бастысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа осыны жеткізгім келеді. Барлық кәсіби жетістіктерім Мемлекет басшысының арқасында. (…) Қайда жұмыс істесем де "Самұрықта", "Бәйтеректе", министрлікте мен Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындауға тырыстым. Бұл мен үшін әрдайым бірінші орында болатын. Президент берген тапсырмалардың барлығы - Қазақстан азаматтары үшін жасалды: тұрғын үй, жұмыс, жұмыс орындары. (…) Президентке мен сияқты жас азаматқа сеніп, оған және елге қызмет етуге мүмкіндік бергені үшін шексіз алғыс айтамын", - деді сот отырысында Қуандық Бишімбаев.
"Президенттің алдында кінәлі екеніміді білемін. Мен танитын адамдар, мен өзім жұмысқа шақырған Жақсыбаев, Жақыпов және тағы басқалар маған нұқсан келтірді, мен олар үшін Мемлекет басшысы алдында жауаптымын. Осы жағдай үшін және Президенттің сенімін ақтай алмағаным үшін ұяламын. Кадрларды таңдау кезінде қатты қателестім. Менің сеніміме кіріп, мені тек қолданған адамдарды өзіме жақындаттым. Мемлекет басшысынан кешіріп сұраймын, халықтан осы үшін кешірім сұраймын", - деді Бишімбаев.
"Мен айыптау актісінде көрсетілген "қылмыс жасады" деген айыптауларды мойындамаймын. Мұның барлығы расталғанын білемін, бірақ, құрметті сот, мен сізге маған белгілі негіздеулерге сүйене отырып өз позициямды жеткізуге тырысамын", - деді экс-министр.
Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаев неліктен осыған дейін сот алдында жауап бермей келгенін айтып берді.
"Мен БАҚ өкілдері қатысатын сот отырысында ғана жауап беру туралы құқықты қолдануды шештім. Объектив жауап беріп, шындықты айтып, Қазақстан қоғамына маған тағылған қылмыстарға қатысты мәліметтерді айтып беруді шештім", - деді Қуандық Бишімбаев.