$ 443.85  474.3  4.8

Назарбаев Трампқа немерелерінің саны 10-ға жеткенін айтты

Кеше АҚШ президентімен кездесіп, Вашингтонда баспасөз мәжілісін өткізген Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трампты немерелі болуымен құттықтады. Жуырда ғана тоғызыншы немересі дүниеге келген америкалық көшбасшыға Қазақстан президенті өзінде 10 немере бар екенін айтып мақтанды.

"Сізді тоғызыншы немереңіздің дүниеге келуімен құттықтаймын, құрметті президент! Осы ретте айтқым келеді, өткен жылы менің оныншы немерем дүниеге келді", - деді Мемлекет басшысы Дональд Трампқа.

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президентін экономикалық жетістіктерімен құттықтап, алдағы ісіне сәттілік тілеуді де ұмытқан жоқ.

Айта кетейік, Қазақстан президентінің үш қызы бар: Дариға, Динара және Әлия Назарбаевалар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары