$ 494.87  520.65  4.91

Н.Назарбаев Трамп енді жүргізіп жатқан салық реформаларын өзі осыдан 5 жыл бұрын жүзеге асырғанын айтты

Америкалық президенттің 1 жылда жеткен жетістіктерін тізбектеген Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Трамп жүргізген салық реформасы Қазақстанда осыдан 5 жыл бұрын сәтті жүргізілгенін айтты.

Еске салайық, екі елдің президенті кеше Вашингтонда өзара кездескеннен кейін журналистерге арнап баспасөз мәжілісін өткізген болатын. 

«Құрметті, Президент! Сөз соңында елдеріңіздің экономикалық табыстарға қол жеткізуімен құттықтаймын. Сіз таңғаларлық салық реформасын жасадыңыз. Бұл қадамыңызды қолдаймын, өйткені ондай реформаны мен бес жыл бұрын жасаған болатынмын. Бізде корпоративтік салық 20 пайыз, табыс салығы 10 пайыз», - деді Қазақстан Президенті.

Айта кетейік, осы кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трамптан қазақстандықтар үшін АҚШ-қа визасыз режим енгізуді сұраған болатын. Жуырда екі ел арасында тікелей авиа байланыс іске қосылмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары