$ 494.87  520.65  4.91

«Егер билікті бермей ұзақ отырып қалсам, мені атып тастаңдар. Әзілім емес» – Филиппин президенті

Филиппин президенті Родриго Дутерте ел армиясы мен полициясына егер диктатор болып бара жатса өзін атып тастауын бұйырды. Мұндай мәлімдемені ол әскери базалардың біріне жасаған сапары кезінде айтқан деп жазады Reuters.

«Егер билікті бермей ұзақ отырып қалсам, мені атып тастаңдар. Әзілім емес», - деді Дутерте шенді әскери қызметкерлерге. Сөз барысында президент әскерилердің басты міндеті президентті қорғау емес, конституция мен халықты қорғау екенін жеткізді. «Естеріңізде болсын, бұл сіздердің қасиетті парыздарыңыз», - деді ол.

Айта кетейік, өткен аптада Дутертенің парламенттің төменгі палатасындағы жақтастары конституциялық кеңесті шақырту бастамасын көтерген болатын. Олар президенттік мерзімді созуды көздеп отыр. Алайда, Дутерте бұған қарсылық білдіріп, конституция аясында ғана елді басқаратынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары