$ 447.4  477.55  4.76

АҚШ Ресейге қарсы санкция тізімін ұлғайтты

АҚШ Ресейге Қырымды аннексиялағаны және Украинаның шығысындағы жағдайға араласқаны үшін салған санкцияларын ұлғайтты. "Қара тізімге" бұл жолы 21 адам және тоғыз компания енгізілген деп жазады Азаттық.

Олардың арасында Ресей энергетика министрі орынбасары Андрей Черезов, энергетика министрлігі департаментінің директоры Евгений Грабчак және "Технопромэкспорт" компаниясы басшысы Сергей Топор-Гилка бар. "Технопромэкспорт" компаниясымен бірге санкциялар тізіміне ОАО ресейлік "Сургутнефтегаз" және "Силовые машины" акционерлік компанияларының еншілес кәсіпорындары енген.

Украина мен Батыс елдері Мәскеуді Донбастағы ресейшіл сепаратистерге қарулы жәрдем көрсетіп отыр деп айыптайды. Кремль ол айыптауларды жоққа шығарады. Киевтің мәліметінше, Донбасс аумағындағы өзін өзі жариялап алған "халық республикаларында" 5 мыңға жуық ресейлік кәсіби әскерилер бар. Мәскеу Украинаның шығысында соғысып жүрген Ресей азаматтарын "еріктілер" деп атайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары