$ 449.58  486.94  4.86

Дональд Трамп Қазақстанда гольф алаңдары бар екенін естігенде таңданысын жасыра алмады (ВИДЕО)

АҚШ президенті Дональд Трамп жуырда Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескенде Қазақстанда гольф алаңдары барын естіп, таңданысын жасыра алмапты. Бұл туралы Елбасының өзі журналистермен болған кездесуде айтқан.

Назарбаевқа брифингке қатысқан журналистердің бірі сұрақ қойып, Трампты Қазақстанға гольф ойнауға шақыру керектігін ұсыныпты. Сонда Мемлекет басшысы дәл осы гольф тұрғысында Трамппен бәсекелесе алмайтынымызды, оның жалғыз өзінде бірнеше гольф-клубы бар екенін айтқан.

"Оның бірнеше елде гольф-алаңдары бар. Ол әр сенбі-жексенбіде гольф ойнайды. Бірақ, соған қарамастан мен оны біздің елге гольф ойнауға шақырдым. Ол Қазақстанда гольф бар екенін естіп таң қалды. Мен оған бірнеше гольф-клубы бар екенін, келсе міндетті түрде ойнайтынымызды айттым. Ол ойнауға уәде берді", - деді Мемлекет басшысы журналистің сауалына жауап беріп.

Еске сала кетсек, таяуда Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен барды. Ресми сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары