$ 494.87  520.65  4.91

Татарлар Ресей билігін ана тілімізге қысым көрсетіп жатыр деп айыптады

Татарстанның астанасы Қазанда татар тілінің қысымға ұшырауына байланысты жалпыға ортақ татар қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен митинг өтті, деп жазады "Коммерсантъ".

Наразы топ білім мекемелерінде міндетті түрде татар тілі оқытылуы тиіс деп санайды. Жалпыға бірдей тестілеу де ұлттық тілде өткізілгенін жөн көретін бұл топ білім ордасындағы ұлттық тілдің оқытылуын қайтарыңдар деп отыр.

Осы ретте айта кету керек, жергілікті прокуратура Ресей президенті Владимир Путиннің тапсырмасын орындау үшін 2017 жылдың соңында татар тілін білім мекемелерінде міндетті пән есебінен алып тастап, тек өз еркімен оқытуға ғана рұқсат берген болатын. Осыған сәйкес, бұл тіл аптасына 2 сағаттан артық оқытылмайды.

Аталған жайт Татарстан азаматтарының көтеріліске шығуына түрткі болыпты. Наразылыққа шыққандардың саны 100-150 адам шамасында. Көбі егде жастағылар болса да, мектепте баласы оқитын ата-аналар қауымы да наразы топты қолдап отыр.

Наразылыққа шыққандар "татар халқы мен ана тілімізге қысым жасауды тоқтатыңдар" деп талап етті. Сондай-ақ, Путиннен Еуропалық хартияны ратификациялауды сұрап, "татар ұлтының ассимиляцияға ұшырауына жол бермейміз" деп ұрандатты.

"Татарстан жерінде орыстар мен татарлардың бейбіт өмір сүргені өте маңызды. Қостілділік те аса маңызды, бұл екі тілдің дамуына көмектеседі", - деді митингке келген өңірдегі мектеп-интернаттың директоры Павел Шмаков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары