Еуроодақ алдағы уақытта Қрымға қарсыенгізілген санкцияларды тағы бір жылға ұзартады. Бұл туралы Люксембургтегі ЕО-ның тұрақты төрағасы Кристиан Браун мәлімдеді.
Осыған дейін ЕО Ресейге қарсы енгізілген санкцияларды қатаңдата түсуі мүмкін екендігін де хабарлаған еді.
Дипломаттың сөзінше, бұл сұраққа қатысты шешім қабылданып қойды. 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап Люксембург Еуропалық одақ кеңесінің төрағасы болады.
Күні кеше Германияда өткен «Үлкен жетіліктің» екі күндік саммиті кезінде ГФР канцлері Ангела Меркель G7 бұрынғысынша Қрымды заңсыз «аннексияланды» және санкциялық режим Минск келісімдердің орындалуына байланысты деп есептейтіндігін айтты.
«Жетілік»елдерінің қорытынды кеңесінде Ресейге қарсы енгізілген санкциялар әрекеті Мәскеудің Минск келісімдерінің орындалуына және Мәскеудің Украинаның біртұтастығын сыйлауына байланысты шешіледі деп мәлімденген еді. «Қажет жағдайда» Батыс елдері санкцияны қатаңдата түсуі мүмкін. Қандай критерий кезінде бұл шешім жүзеге асатындығы нақты аталынған жоқ. Мәскеу келісімдегі міндеттерін орындаса, санкциялар кері шегеріледі.