Аман Төлеев Кемерово облысы басшысы қызметінен өз еркімен кетуге арызын жазды деп хабарлайды РИА Новости өңірдің әкімдігіне сілтеме жасап.
"Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеев Ресей президенті Владимир Путинге өз еркімен қызметінен кету үшін өтінішін жазды", - делінген аталған хабарламада.
Аман Төлеев 73 жаста, ұлты қазақ. Ол саясатқа 1980 жылдардың соңында араласа бастады. Кемерово облысын 1997 жылдан бері басқарып келеді. Губернатор сайлауында 4 рет жеңіске жеткен. Оның губернаторлық мерзімі 2020 жылы аяқталуы тиіс.
Еске салайық, 25 наурыз күні Кемерово қаласында ойын-сауын сауда орталығы өртеніп, 64 адам қаза тапқан болатын. Сол қайғылы оқиғадан кейін жергілікті мыңдаған тұрғын наразылық акциясын ұйымдастырып, Аман Төлеевтің кетуін талап етуде.