Түркияның бұрынғы президенті және премьер-министрі Сүлеймен Демирель сәрсенбі күні Анкара ауруханаларының бірінде 91 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлады РИА Новости.
Демирель жүрек талмасынан көз жұмды, деп хабарлады Anadolu агенттігі саясаткер емделуде болған Guven Hastanesi ауруханасының мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Экс-президент госпитальға 13 мамырда тыныс жолдары сырқатымен түскен болатын. Ауруханада бір айдан астам уақыт тыныс жолдары инфекциясынан, сондай-ақ жүрек талмасынан емделді. Сейсенбі күні Демирельдің жағдайы күрт нашарлай бастады да, сәрсенбі күні түнде қайтыс болды.
Демирель 1924 жылы 1 қарашада дүниеге келген, Түркияның Әділеттілік партиясының негізін қалаушылардың бірі. 1993-2000 жылдары мемлекет басшысы қызметінде болды, сондай-ақ бес рет Түркияның премьер-министрі болып тағайындалды.